АЭС салынар болса 8000 азамат уақытша жұмыспен, 2000 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады.
АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб өкілдері С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің оқытушыларымен диалог алаңында пікір алмасты.
Басқосуда аймақтық Халықтық штаб мүшесі Серік Дүйсенбаев: Білім саласында оңтайлы жаңалықтар көп. Байқағандарыңыздай кез келген сала бір орында тұрмай, ұдайы дамып келеді. Соның ішінде атом энергетикасы да бар. Мамандардың болжауынша, бүгінде елімізге керекті электр қуаты 3 пайыз тапшылық туғызуда. Сәйкесінше көрші Ресейден, Қырғызстаннан электр қуатын сатып алып отырмыз. Оның қаржысы шамамен 100 млрд теңгеге жуық. Оқытушылар әрқашан қоғамдағы өзекті мәселелердің басы-қасында жүріп, оны сараптап, зерттейді. Атом стансасы, референдум жайлы өздеріңіз онсыз да білесіздер. Келешек үшін маңыздылығынан да хабардарсыздар. Сондықтан, 6 қазан күні өз таңдауларыңызды жасайды деп сенемін, – деді.
Кездесуде ұстаздар қауымы атом энергетикасына байланысты өздерінің пікірін білдірді. Мәселен, «Атом стансасының құрылысын кімдер жүргізеді?», «Ол қайда салынады?», «Жел мен күн энергиясының әлеуетін дамыту арқылы қажеттіліктерімізді жаба аламыз ба?» және өзге де сауалдарын жолдап, ой бөлісті.
Осы орайда, аймақтық Халықтық штаб мүшесі Серікбай Өмірзақов: Араларыңызда физиктер де бар шығар. Өздеріңізге белгілі атом энергетикасының ел әлеуетіне берер пайдасы мол. Соңғы ІІІ+ буыны жаңа технологиялармен жабдықталып, жасанды интеллект, роботтық техника көмегімен жүйелендіріліп, қашықтан басқарылады. АЭС салынар болса 8000 азамат уақытша жұмыспен, 2000 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Жаңа әріптесім Серік Әбішұлы айтқандай еліміздегі энергия тапшылығының көлемі 3 пайызды қамтып отыр. Демек, 10 жылда қажеттілігіміз 30 пайызға өседі деген сөз. Ал атом стансасы біздің қажеттілігіміздің тек 9 пайызын ғана өтейді. Сондықтан, бір емес, тіпті бірнеше атом станциясының өзі біздің елге көптік етпес, – деді.
Талқылау алаңында колледж оқытушылары атом энергетикасының әлеуетін, жаһандық экологиялық жағдай және «жасыл» энергия бағытында ой алмасып, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізді.
Халықтық штаб мүшелері «Жанарыс» тігін фабрикасының ұжымымен АЭС құрылысын талқылады
Жаңаөзен қаласында Халықтық штаб мүшелері Жаңаөзен қаласындағы «Жанарыс» тігін фабрикасының жұмысшылармен кездесті, – деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Тігін фабрикасының негізін қалаушы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, қоғам белсендісі Жаңбырбай Дәменов ұжымға АЭС мәселесін түсіндірді. Ол халықтық штаб мүшелеріне референдумға қатысып, өз дауысын беретінін айтты.
«АЭС құрылысы еліміздің ертеңін айқындайтын ауқымды жоба. Атом игеру арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткіземіз. Сондықтан осы елдің азаматы ретінде саяси науқаннан тыс қалмауымыз керек», – дейді халықтық штаб өкілдері.
Өз кезегінде сөз алған ұжым мүшелері референдумға қатысып,өз дауысын беретін жеткізді.
https://aikyn.kz/273729/u-stazdar-atom-energetikasyna-baylanysty-pikir-bildirdi