Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының м.а Нурбол Утебаев баяндап берді.
Утебаевтың айтынша, Бүгінгі таңда Ақмола облысының 605 елді мекенінің 589 немесе 97,3% — ы Интернет желісіне қосылған.
Сондай-ақ, Ұлттық Жобаға сәйкес республикалық жолдар бойында 3 антенна – діңгек құрылыстарының құрылысы жүргізілетін болады (Ақкөл, Жақсы, Ерейментау).
Бүгінгі күні ұялы байланыс операторлары аудан әкімдіктерімен бірлесіп құрылыс орындарының координаттарын анықтаған және жер учаскелерін ресімдеу бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Жеткізушілермен де жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарттар жасалған.
Сонымен қатар, Щучье-Бурабай курорттық аймағын сапалы ұялы байланыспен және мобильді интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Бурабай» курортының аумағын мобильді байланыспен және интернетпен қамту аймағын цифрландыру және кеңейту жөніндегі жол картасы» әзірленді, кейіннен ұялы байланыс жабдығын орната отырып, АДҚ салу үшін орындар анықталды. Дәл қазіргі таңда келісілген 4 орында, атап айтқанда, Абылай хан алаңында, «Жезказганец» балалар санаторийі, «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі және Жүкей ауылының «Ақ-жол» турситік қонақ үйі аумағында, осы Антенна матчталық құрылғылар немесе АМС темір-бетондық фундаменттері құйылды.
«Көкшетау қаласы бойынша цифрлық форматтағы инженерлік желілер Өңірлік геоақпараттық жүйе 100% көлемінде жарияланды. Өңірлік геоақпараттық жүйе әзірлеушілері Толық жоспарлық жоба цифрлық форматқа түрлендіру бойынша жұмыстар жүргізді және Көкшетау қаласының карталары жаңартылды» — дейді, Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының м.а Нурбол Утебаев.