Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Павлодар облысына барды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері алдымен облыс орталығында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиында энергия тапшылығы, электр станцияларының тозуы мен импортқа тәуелділік мәселелері көтерілді. Сонымен бірге, 6 қазанда өтетін референдумның маңызы айтылды. Жоғарғы палата спикерінің айтуынша, елімізде көміртегі қалдығын азайту үшін өндіріске инновацияны кеңінен енгізудің маңызы зор. Бұдан бөлек, штаб мүшелері өңірдің белсенді жастарымен кездесті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біз дамыған мемлекет болуымыз үшін ғылымның, білімнің мүмкіндіктерін кеңірек пайдалануымыз қажет. Барлық мақсаттарымызға жету үшін мықты мемлекет болуымыз үшін біз 6-шы қазанда жақсылап тұрып референдумды өткізуіміз керек.