Ақмола облысының спортшылары бірінші жартыжылдықта мынадай нәтижелерге қол жеткізген еді:
Паралимпиада ойындары мен әлем және Азия чемпионаттарында облысымыздың спортшылары түрлі номинациядағы 104 медаль жеңіп алды. (Паралимпиада ойындары 1 – алтын, 1 – күміс; Олимпиада ойындары бойынша әлем чемпионаттары: 1 алтын, 1 күміс; Олимпиадалық жарыстар бойынша Азия чемпионаты: 5 алтын, 8 күміс, 10 қола.)
Олардың арасында шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Никиша Денис (Роттердам, Нидерланды).
Любляна қаласында (Словения) өткен жасөспірімдер мен балалар арасындағы брейкинг бойынша әлем чемпионатында алғаш рет 10-12 жас аралығындағы спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алған Қалышбаев Әміре.
Мациев Юсуф – грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Бішкек, Қырғызстан).
Давид Дегтярев 54 келі салмақта пара пауэрлифтингтен Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы.
Еркін Ғаббасов – Парижде өткен Паралимпиада ойындарының пара атудан күміс жүлдегері.
Думан Көгершін – Бес асықтан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы.
Бекбол Нұрлан – Алыш күресінен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері.
Әбеуова Толғанай – Кураш күресінен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері.
«Ағымдағы жылдың 25 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Якутск қаласында (Ресей) өткен «Азия балалары» 8-ші халықаралық спорт ойындарына облыс спортшылары қатысып, жүлдері орындарға ие болды» — деп, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Тулендин өз сөзін аяқтады.