Ақмола облысында «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, ол өңірдің өрт қауіпті кезеңдегі өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыруға бағытталған.
Екі күн ішінде құтқарушылар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері және басқа да шұғыл қызметтер ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлардың әртүрлі сценарийлері келтіріліп, қатысушылар оларды тиімді жою үшін өз дағдылары мен білімдерін қолданатын болады. Төтенше жағдайларға үйлестірілген және жедел жауап беруді қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің – полицияның, жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және басқалардың өзара іс – қимылына ерекше назар аударылатын болады.
Оқу-жаттығуларға басшылық ететін облыстық штаб Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы ТЖД ғимаратында орналасқан.
Оқу-жаттығу барысында облыстың барлық аудандарында/қалаларында арнайы техниканың қозғалысы орын алуы мүмкін, осыған байланысты тыныштық сақтауларыңызды, оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз.