15 наурыз – «Қайырымдық». Бұл күн қайырымдылыққа, мейірімділікке және тату көршілікке арналған. Бүгін Атбасар ауданының ауылдық округтерінің әкімдері «Қазақстан халқына» Қорының «QH Жаздық жолдама – 2024» қайырымдылық жобасы аясында 12 ауылдық мектеп директорына жазғы демалысқа сертификаттар табыстады. Атбасар ауданының ауылдық мектептерінің 35 оқушысы Қазақстанның үздік лагерьлерінде демалуға мүмкіндік алады!
«Қазақстан халқына» қорының құрылтайшыларына алғысымызды білдіреміз!