Ақмола облысында қазір қоғамға 3200-ден астам ерікті белсенді көмек көрсетуде. Марат Ахметжанов Республика күні қарсаңында еріктілер ұйымдарының басшыларымен кездесті. Іс-шараны аша отырып, өңір басшысы ақмолалықтардың мейірімділігі әділдік пен әдептілік қағидаттарында жүзеге асырылатынын атап өтті.
«Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еріктілер қозғалысының негізгі мақсаты адамдарды біріктіру, халыққа қызмет ету екенін атап өтті. Сіздер жас ұрпақ үшін жақсы үлгі және мақтанышсыз, өңірдегі волонтерлікті дамытуға баға жетпес үлес қосасыздар. Сіздер — мемлекет пен қоғам арасындағы әділ Қазақстанды құру ісіндегі алтын көпірсіздер», — деп атап өтті М.Ахметжанов.
Облыс еріктілерінің қозғалысы белсенді өсіп, дамып келеді. Барлық жобалардың негізгі бағыты — аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және қарт адамдарға қолдау көрсету.
Ақмола облысында республикалық деңгейде ірі республикалық қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Солардың бірі «Доброе сердце Lider.kz» қоры болып табылады. олардың негізгі бағыты — зейнеткерлер мен ауыр науқастарға қолдау көрсету. Көкшетауда екі жылдан бері қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған пансионаттар жұмыс істейді. Төрайымы Ирина Катухованың айтуынша, 70-ке жуық адам, негізінен зейнеткерлер, екі ғимаратта тұрады. Мұнда оларға барлық қажетті қолдау шаралары мен тәулік бойы күтім көрсетіледі.
Сондай-ақ, волонтерлер атқарылған жұмыс және жалпы ұйым туралы айтып берді. Мәселен, 600-ге жуық отбасы 8 млн.теңгеге көмек алды, демеушілік көмек есебінен 5 үй сатып алынды.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын қозғалыстар бар. Мысалы, «Esirtkisiz Bolashaq» қоры есірткіні қолдануға және таратуға қарсы күресте ауқымды рейдтер жүргізуде.
Ақмола облысы бойынша «Esirtkisiz bolashaq» штабының төрағасы Ербол Амантаев Қордың Ақмола полицейлерімен ынтымақтастығы туралы меморандумды іске асыру шеңберінде есірткі граффитиін бояу бойынша өткізілген акциялар туралы айтып берді.
«Қызыл Жарты Ай қоғамы» Ақмола облыстық филиалының басшысы Асхат Уайсов еріктілер алдында тұрған ағымдағы жұмыстар мен мәселелер туралы баяндады.
Ақмола облысы бойынша «Қазақстан студенттер Альянсы» студенттік қозғалысының төрайымы Ақбота Мұхаметбекова өңірдегі студент жастардың зияткерлік шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыру үшін жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Jastar Ruhy» жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешев облыс орталығында ғана емес, өңірдің барлық аудандарында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.
Айта кетейік, облыста 89 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Волонтерлік салада 18 жастар ұйымы белсенді жұмыс істейді.
Кездесу соңында Марат Ахметжанов волонтерлік қызмет азаматтардың мемлекеттің мәдени, экономикалық және әлеуметтік өміріне қатысуының тиімді тетіктерінің бірі болып табылатынына ерекше назар аударды.
«Ақмола облысының еріктілері түрлі қоғамдық жұмыстардың тұрақты, белсенді қатысушылары болып табылады. 2 мыңға жуық іс-шара іске асырылды. Сіздерге атқарған еңбектеріңіз үшін және мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздер қоғамдағы үрдістер мен жағымсыз құбылыстарға назар аудара отырып, қоғам жағдайының индикаторы болып табыласыз», — деп түйіндеді облыс әкімі.