Аға буынның таңдауы – ел болашағына үлес
Ерейментау ауданында «Атамұра» мектебінің аға буын өкілдері Оразалимов Сапарғали Әбуұлы мен Осипова Роза Сарбасқызы дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.
Өмірлік тәжірибесі мол, қоғамның дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан аға буынның сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген жанашырлықтың айқын көрінісі.
Әрбір дауыс – елдің ертеңіне деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің белгісі.
