«Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс». Қ. Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

«Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс».

Қ. Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігінің ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.С. Махметов жүргізді. Осы күні Атбасар ауданына Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А. Рублевский жұмыс сапарымен келді.

Oplus_131072

Кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналды. Александр Владимирович өз сөзінде Жолдаудың негізгі бағыттарына, инфрақұрылымды, көлік саласын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі міндеттерге кеңінен тоқталды.

Баяндамадан кейін кездесу қатысушылары ауданның автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы мен оларды жөндеу мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылып, барлық қойылған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілд. Отырыс барысында І. Есенберлин атындағы әдебиет музейінің директоры Ұ. Комбатурова және Новосельское ауылының кітапханашысы С. Поль сөз сөйледі.

By admin

Читайте также