Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағдары
Президент Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын, қоғам алдындағы маңызды міндеттер мен басымдықтарды белгілейтін стратегиялық құжат.
Сарапшы ретінде айтарым, Жолдаудың басты құндылығы – көтерілген бастамалардың нақты іске асуында. Экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім мен ғылымды қолдау, цифрландыру, әлеуметтік әділеттілік пен мемлекеттік басқару тиімділігін жетілдіру – ел болашағы үшін маңызды бағыттар.
Әсіресе, әрбір бастаманың нәтижесі қарапайым халықтың күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс. Ол үшін жүйелі жұмыс, нақты жауапкершілік, ашықтық және қоғамдық бақылау қажет.
Жолдау – тек міндеттер жиынтығы емес, ел болашағына деген ортақ жауапкершілік. Оның табысты жүзеге асуы мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-қимылына байланысты.
Ең бастысы – айтылған сөз нақты іспен, ал белгіленген мақсаттар нақты нәтижемен ұштасуы керек!
Атбасар ауданның орталықтандыру кітапхана жүйесінің директор. Қожахметов Ж К.
#ПрезидентЖолдауы #Қазақстан #ЕлБолашағы #СарапшыПікірі #Даму
