Құрылтай күніне орай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған тағылымды әрі әсерлі мерекелік концерт өтті

Құрылтай күніне орай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған тағылымды әрі әсерлі мерекелік концерт өтті.
Мәдени шара барысында өнерпаздар көрермендерге ән мен жырдан шашу шашып, әсем әуендерімен жүректерге жылу сыйлады. Ұлттық өнеріміз ұлықталып, салт-дәстүріміз дәріптелген концертте ел бірлігі, ынтымақ пен татулықтың маңызы кеңінен насихатталды.
Көтеріңкі көңіл күйге бөленген көрермендер өнерпаздардың әрбір өнерін ыстық ықыласпен қабылдап, зор қошемет көрсетті. Әсем әнмен мерекелік бағдарлама Құрылтай күнінің мән-маңызын айшықтап, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Осындай мәдени іс-шаралар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өнерге деген сүйіспеншілікті арттырып, елдік рухымызды асқақтата түсері сөзсіз.
By admin

Читайте также