2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы – елдің қоғамдық өміріндегі маңызды саяси оқиға. Бұл науқан азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғам мен билік арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті одан әрі нығайтуға бағытталған.
Құрылтай депутаттарын сайлау – халықтың пікірін білдірудің, қоғамдық мүддені қорғаудың және елдің даму бағытын айқындауға үлес қосудың маңызды тетігі. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысуы оның белсенді азаматтық ұстанымының, Отан алдындағы жауапкершілігінің және ел болашағына деген жанашырлығының көрінісі болып табылады.
Бүгінде Қазақстанда әділдік, ашықтық және заң үстемдігі қағидаттарына негізделген қоғамдық-саяси реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы сайлау демократиялық құндылықтарды одан әрі дамытуға, азаматтардың пікірін ескеруге және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маңызды қадам саналады.
Әрбір дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес. Сондықтан сайлаушылардың белсенділігі Құрылтай жұмысының тиімділігіне, қоғамдағы өзекті мәселелердің көтерілуіне және халықтың ұсыныстарының ескерілуіне оң әсер етеді.
23 тамыздағы сайлау азаматтардың жоғары саяси мәдениеті мен жауапкершілігін тағы бір мәрте айқындайды деп сенеміз. Заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтетін бұл саяси науқан Қазақстанның тұрақты дамуына, қоғамдық бірлігі мен келісімін нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Атбасар аудандық «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Камшат Қадылқызы.
