Вакцинация – қоғамдық денсаулықты қорғаудың негізгі тетігі
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді әрі ғылыми негізделген әдіс. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, екпе егу арқылы көптеген қауіпті аурулардың таралуы тоқтатылып, халық денсаулығы сақталуда.
? Вакцинацияның маңызы
Вакцина ағзаның иммундық жүйесін нығайтып, ауру қоздырғыштарына қарсы арнайы қорғаныс қабілетін қалыптастырады. Соның арқасында адамда ауыр дерттің даму қаупі төмендеп, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
? Ұлттық екпе күнтізбесі
Қазақстан Республикасында балаларға арналған ұлттық екпе күнтізбесі бекітілген. Соған сәйкес әрбір бала туған күнінен бастап туберкулез ,қызылша, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, сияқты жұқпалы ауруларға қарсы кезең-кезеңімен вакцина алады.
Уақытылы салынған екпе – бала денсаулығының кепілі.
? Ересектерге арналған вакцинация
Тек балалар ғана емес, ересектер де ревакцинациядан өтіп отыруы тиіс. Мысалы, сіреспеге қарсы екпе әр 10 жыл сайын жасалады. Бұл – ересек жаста да иммунитет.
