Кез келген мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы халық арасындағы өзара келісім мен сенімге тікелей байланысты. Әртүрлі этнос өкілдері бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүрген жерде инвестицияға да, кәсіпкерліктің өркендеуіне де қолайлы орта қалыптасады. Ұжымдарда түрлі ұлт өкілдерінің бірге жұмыс істеуі тәжірибе алмасуға, жаңа идеялардың пайда болуына жағдай жасайды. Сондықтан ұлтаралық келісім тек әлеуметтік тұрақтылық факторы ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсудің қозғаушы күші болып, мемлекеттің орнықты болашағын қамтамасыз етеді.

 

Атбасар ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

Кожахметов Ж. К.

By admin

Добавить комментарий

Читайте также