Ұлтаралық келісімді мәдени алуантүрлілікті құрметтеу мен қолдаусыз елестету мүмкін емес. Тілдердің, дәстүрлердің, наным-сенімдердің және құндылықтардың әртүрлілігі – шығармашылыққа, инновацияға және өзара байытуға шабыт беретін бірегей мәдени орта қалыптастырады. Мемлекеттік саясат дұрыс бағытта жүргізіліп, азаматтық қоғам белсенді рөл атқарған жағдайда этномәдени байлық – оң әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзіне айналады. Бұл – түрлі мәдениеттердің өкілдері көптүрліліктен қауіп емес, құндылық пен ресурс көретін орта қалыптастырады. Ұлтаралық диалогты және мәдени бастамаларды қолдау әрбір мәдениеттің мойындалуына және құрметтелуіне жол ашып, елге деген мақтаныш сезімін күшейтеді.
З. Доспанова, Балалар музыка мектебі.
