Мемлекет басшысы кінәсіз жаза тартқан барша отандастарымызды ақтаудың маңызы туралы ескерткен еді. Президенттің айтуынша, бұл — тек мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен қатар барша қоғамның парызы.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін үйлестіреді. Ведомство басшысы Алмас Алиннің айтуынша, облыста ғалымдар мен тарихшылардан құралған 4 жұмыс тобы қызмет етіп келеді. Жыл басынан бері олар 42 архивте сақтаулы тұрған 3 мыңнан астам іс пен құжатты қараған. Қазіргі уақытта комиссиялар жүргізген жұмыстың нәтижесінде 3 жинақ баспаға дайындалуда.