Ақмола облысында сайлау учаскелерінде өнер ұжымдары
Ақмола облысында сайлау учаскелерінде өнер ұжымдары өнер көрсетіп, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады Ақмола облысында сайлау күні тұрғындардың белсенділігін арттырып, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген азаматтар үшін бірқатар сайлау учаскелерінде шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламалары ұсынылды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Атап айтқанда, «Достар» мәдениет үйінде орналасқан №41 сайлау учаскесінде «Балақай», «Аманат» шығармашылық ұжымдары, «Сұлтан» триосы және «Шаңыра» хоры өнер көрсетті. Өнерпаздар ән айтып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ Қызылжар ауылындағы «Көкше» мәдениет үйінде орналасқан №1 сайлау учаскесінде де шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Сайлау учаскелеріне келген тұрғындар дауыс беру…
