Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр Түс ауа еліміздегі сайлау учаскелері тек бюллетень алып, дауыс беріп шығатын орыннан гөрі мерекелік алаңға көбірек ұқсай бастады. Учаскелерде ерекше көңіл күй орнаған. Бір жерде тұсаукесер рәсімі өтіп жатса, енді бір жерде 90-жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Ал дауыс беру кабинасының жанынан Чарли Чаплинді, «Канье Уэстті», ежелгі грек патшасын немесе тіпті «кофе-адамды» кездестіруге болады. Ақтөбеде Люлиндер отбасы дауыс бергеннен кейін №49 сайлау учаскесінде кішкентай Максимнің тұсауын кесті. Домбыраның үнімен, шашу шашылып, ақ тілектер айтылған сәтте бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ал алдына бірнеше сыйлық қойылып, таңдау ұсынылғанда Максим…
