Год: 2026

⚡️Мемлекет басшысы:   «Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық.   Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті.   Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш.   Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты.   Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады.   Халық саны 20,5 миллионға жуықтады.   Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті.   Ең…
Подробнее
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз. Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді.   Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Осының өзі Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді.   Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудоманияға, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіле бастады. Ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді. Сол арқылы еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті.   Бұдан бөлек біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындап алдық. Ұрпақтың болашағына зиянын тигізетін…
Подробнее
Мемлекет басшысы: 

Мемлекет басшысы: 

⚡️Мемлекет басшысы:   «Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда.   Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды.   Кино саласы да дамып жатыр.   Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш.   Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез-келген салаға зор серпін береді.   Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз».   t.me/aqorda_resmi
Подробнее
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес.   Мысалы таза ағаштан салынған Жаркент мешіті – қытай сәулетшілері мен ұйғыр шеберлерінің қолынан шыққан бірегей туынды. Алматыдағы «Вознесенск кафедралды шіркеуі» де – айрықша тарихи нысан. Татулық пен достықтың символы саналатын осы екі ғимаратты «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі деуге болады.   Ұлы даланың әрбір тау-тасы халқымыздың сан ғасырлық жылнамасынан сыр шертеді.   Соның бірі – қойнауы қазынаға толы Қаратау петроглифтері. Төрт мың жылдық тарихы бар таңбалы тастар төл өркениетіміздің тамыры тым тереңде жатқанын көрсетеді.   Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі

«Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін.   Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр.   Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде жиналдық.   Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар.   Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршын-кент қалаларының орны көне…
Подробнее
Пайызы тым жоғары: Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды

Пайызы тым жоғары: Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды

Пайызы тым жоғары: Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды   АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлікке берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, жаңа жеңілдетілген несие жүйесін енгізуді ұсынды.   Кеше Н. Сабильянов, О. Сәбденов, Ж. Құлекеев, Қ. Арыстанбеков, А. Күрішбаев сынды қоғам қайраткерлері Құрылтайдың 21 мүшесі экономикалық даму секциясын өткізген. Секцияда экономикаға қатысты аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама көтерілді.   — Бүгінгі жиын арқылы ел ішіндегі бірқатар түйткілді мәселеге тоқталғым келеді. Бірінші, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикада өсімді қалыптастыру. Қазір банктер кәсіпкерлікке несие беру кезінде 25 пайыздық…
Подробнее
Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші

Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші

Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бала құқығын қорғаудағы шаралар бір арнаға тоғыстырылып жатқанын айтты. - Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді, - деді Ерлан Қарин.   Сондай-ақ ол, жуырда Үкімет қаулысымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті.   - Өткен жылдың қараша…
Подробнее
Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды

Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды

Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды   ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың негізгі нәтижелеріне тоқталды.     - Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, - деді ол.   Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу,…
Подробнее
В Кызылорде на Нацкурултае обсудили новые подходы к поддержке бизнеса

В Кызылорде на Нацкурултае обсудили новые подходы к поддержке бизнеса

В Кызылорде на Нацкурултае обсудили новые подходы к поддержке бизнеса   Член Национального курултая, депутат Мажилиса Парламента РК Нуртай Сабильянов заявил о необходимости повысить эффективность государственных программ поддержки бизнеса за счет активного привлечения частных инвесторов.   По его словам, не менее 25% финансирования таких программ должно обеспечиваться за счeт частного капитала — через банки и институты развития. При этом государству важно сохранять контроль над результативностью предоставляемой поддержки.   – Эффективность мер поддержки необходимо отслеживать через цифровые платформы и ежегодно анализировать их экономическое воздействие. Поддержка бизнеса должна приносить возврат государству, — подчеркнул депутат.   @kazinform_news
Подробнее
Ерлан Карин: По итогам курултая в Бурабае принято 6 законов и начата работа над 10 законопроектами

Ерлан Карин: По итогам курултая в Бурабае принято 6 законов и начата работа над 10 законопроектами

Ерлан Карин: По итогам курултая в Бурабае принято 6 законов и начата работа над 10 законопроектами   В ходе V Национального курултая, проходящего в Кызылорде, Государственный советник Ерлан Карин остановился на ключевых итогах курултая, состоявшегося в Бурабае.   — После четвертого заседания Национального курултая в Бурабае в целях исполнения поручений Главы государства был утвержден специальный план из 53 пунктов. В соответствии с этим планом велась работа по нескольким направлениям. В частности, при поддержке депутатов Парламента в прошлом году было принято шесть законов, — отметил он.   Государственный советник напомнил, что данные законы были направлены на обеспечение безопасности детей, ограничение распространения…
Подробнее