Ашық тарифтер мен нақты инвестициялар: Ақмола облысында коммуналдық саясат қалай құрылуда
Ақмола облысындағы коммуналдық қызметтер саласы мемлекет реттеуінің формалды бақылаудан жүйелі, нақты нәтижеге бағытталған жұмысына мысал болды. Мұнда басты назар – тұтынушылар мүддесі мен инфрақұрылымның тұрақтылығы. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асылбек Қуандықұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомствоның негізгі міндеті – тарифтердің ашықтығын қамтамасыз ету және тарифке енгізілген қаражаттың шын мәнінде желілерді жаңартуға және қызмет сапасын арттыруға жұмсалуын бақылау. «Мемлекет басшысы әрдайым тарифтердің ашықтығы мен табиғи монополия субъектілерінің халық алдындағы жауапкершілігін атап көрсетеді. Біздің барлық жұмысымыз осы принциптерге сүйенеді», – деді спикер. Департаменттің бақылауында облыс бойынша 65 табиғи…
