Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемінің өсуі
Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында өңдеуші сектордың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 34,3%-ға өсті. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға, жаңа өндіріс орындарын құруға, еңбек өнімділігін арттыруға және қазақстандық өнімнің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге тікелей әсер ететін өнеркәсіптік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге басты назар аударылады. Инвестиция тарту үшін өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар белсенді түрде дамып келеді. 2025 жылы Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жаңа арнайы экономикалық аймақ іске қосылды (барлығы 16 АЭА, 61 индустриялық аймақ, 34 шағын өнеркәсіптік аймақ). Бүгінгі таңда АЭА аумағында 532 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 85-і шетелдіктердің қатысуымен, тағы 449…
