«Таза Қазақстан» платформасы: Ақмолалықтардан 250-ден астам өтінім түсті
«Таза Қазақстан» платформасы: Ақмолалықтардан 250-ден астам өтінім түсті Ақмола облысының тұрғындары экологиялық заңбұзушылықтар мен рұқсатсыз қоқыс үйінділері туралы ақпаратты «Таза Қазақстан» акциясы аясында іске қосылған Telegram-бот арқылы белсенді түрде жеткізіп келеді. Платформа іске қосылғалы бері 250-ден астам өтінім қабылданған. Әрбір өтінім назардан тыс қалмай, дер кезінде қарастырылуда. «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы өңір тұрғындары үшін өзекті мәселелерді жеткізудің қолайлы құралына айналды. Көпшілік негізінен аумақтарды тазалау, жолдарды жөндеу, жарықтандыру және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жоюға қатысты өтінімдер жіберуде. Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының маманы Әлем Дәулетбаева атап өткендей, Ақмола облысы бойынша барлығы 253 өтінім тіркелген. «Негізінен қоқыс шығару, көшелерді тазалау және жолдарды жөндеуге қатысты…
