
Көлеңкелі бизнеспен күрес: 817 млн теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылды
Қаржылық мониторинг агенттігіне қарасты Ақмола облысының экономикалық тергеулер департаменті, осы жылдың қорытындысы бойынша 51 қылмыстық істі әшкереледі. Оның 30-ы ағымдағы жылы тіркелген, жартысынан астамы ауыр қылмыстар санатына жататын істер болып табылады. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті басшысының орынбасары Алмаз Баймурзин брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникацилар қызметінен. Бүгінгі таңда департамент аталған істің 74,5%-ын аяқтады, яғни 38 іс бойынша тергеу аяқталып, 30 іс сотқа жіберілді. Бұл көрсеткіш департаменттің жоғары деңгейде жұмыс істеп жатқандығын айқындайды. «Қазіргі таңда департаментте өндірістегі істердің басым бөлігі бюджет саласындағы ұрлықтарға қатысты, олардың үлесі 47%-ды құрайды. Сонымен қатар, көлеңкелі экономика, қаржы пирамидалары және…