Қазақстан жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттайды, оның 6,5-7,5 млн тоннасы — бидай. 🌎 Экспорт географиясы 40-тан астам елді қамтиды. Орталық Азия, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис елдері дәстүрлі нарық саналады. Биылғы қараша айының соңындағы жағдай бойынша 6,3 млн тонна астық экспортталды. Жаңа өнім экспорты 2,37 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артық. 🇰🇿 🇺🇿 Өзбекстанға жеткізілім 42%-ға артып, 944 мың тоннаны құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 665 мың тонна болған. 🇰🇿 🇹🇯 Тәжікстанға жеткізілім 49%-ға өсіп, 2023 жылғы 254 мың тоннадан биыл 377 мың тоннаға дейін жетті. 🇰🇿 🇨🇳 Сондай-ақ Қытайға экспорт…