Заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Ғимарат 300 орынға есептелген, жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады. Бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған.…