Ақмола облысында еңбек заңнамасын бұзу саны азайды
Ақмола облысында еңбек заңнамасын бұзу саны азайды Ақмола облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі жұмысын жалғастырып келеді. Биылғы жылы инспекция 164 кәсіпорынға тексеру жүргізіп, 189 заң бұзушылықты анықтады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға аз. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті облыстық департаменті басшысының орынбасары Уақыт Бейсембаев журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Анықталған заң бұзушылықтардың 158 еңбек қатынастарына, ал 28 еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты. Тексеру нәтижесінде жұмыс берушілерге 104 нұсқама берілді. «Жалақы бойынша берешек мәселесі үнемі бақылауда. Ағымдағы…