Көкшетауда 630 орындық жаңа көпсалалы облыстық аурухана салу жоспарлануда
Ақмола облысында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. 2024 жылы денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу бойынша 20 ірі жобаны іске асыру үшін 3 миллиард теңге бөлінді, бұл ауруханалар мен емханалардың жағдайын жақсартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Нұрлан Ахильбеков брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Басқарма басшысы ауылдық жерлердегі медициналық мекемелерді жөндеуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап айтты. Сондай ақ «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Ерейментау ауданының Тайбай, Олжабай батыр және Өлеңті ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды жөндеуге 155,2 млн теңге бөлінді. Дәл осындай жұмыс Степногорск және…