Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн
Ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында Ақмола облысында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде. Науқанды өткізудің негізгі мақсаты - қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ, осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады. Ақмола облысы білім басқармасы мен білім бөлімдері полиция органдарымен, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесіп рейдтік…