Конституциялық реформа Қазақстанға тарихи мүмкіндік береді – Еркін Тұқымов
ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен осы жылдың 5 маусымына белгіленген республикалық референдумға санаулы ғана уақыт қалды. Ал Қазақстан қоғамы дәл осы ұсынылып отырған конституциялық реформалардан кейін елімізде үлкен өзгерістердің болатынынан үмітті. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директоры Еркін Тұқымов референдумға дайындыққа қатысты кейбір мәселелерге тоқталып, конституциялық түзетулердің ең маңызды аспектілеріне шолу жасады. - Қазақстандықтардың басым бөлігі ҚР Президентінің конституциялық реформа жүргізу бастамасымен қатар, Ата заңға енгізілетін түзетулерді жалпыұлттық референдумға шығару шешімін де дұрыс қабылдап отыр. Дегенмен, дауыс беру тәртібіне қатысты түрлі пікірдің де бар екені жасырын емес. Ұсынылып отырған түзетулерді…