Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі бойынша тақырыптық ақпарат
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған бірегей институт. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – ҚХА) Мемлекет басшысының Жарлығымен 1995 жылғы 1 наурызда құрылды. ҚХА төрағасы – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаев, ҚХА құрметті төрағасы – Н.Ә.Назарбаев ҚХА төрағасының үш орынбасары бар – Президент Әкімшілігінің құрылымына кіретін ҚХА хатшылығының меңгерушісі және бір мезгілде ҚХА төрағасының орынбасары – Әзілханов Марат Алмасұлы. Этномәдени бірлестіктерден ҚХА Төрағасының екі (Қоғамдық) орынбасары ҚХА кеңесінің ұсынуы бойынша жыл сайын ротациялық негізде Президенттің өкімімен – Бекбаева Майя Төлегенқызы мен Кузиев Закирджан Пирмухамедұлы тағайындалады. Этномәдени бірлестіктерден ҚХА Төрағасының екі (қоғамдық) орынбасары ҚХА кеңесінің ұсынуы бойынша…