Ақмола облысының Жарқайың ауданы өңір экономикасына серпін беріп келе жатқан бірегей аудан. Аумағы 12 мыңнан астам шақырымды қамтитын бұл аймақ облыстың ең ірі егістік алқабы ретінде танымал. Бұл туралы аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлің коммуникациялар қызметінен.
Әкімнің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл жаздық егіс науқаны 100% орындалғанының дәлелі көрінеді. Биыл 6 00 мың гектардан астам жерге дәнді-бұршақтар және 13 000 гектарға майлы дақылдар мен 10 мыңнан астам гектар жер мал азығы үшін бөліп берілген.
«Өздеріңіз білетіндей ауыл экономикасының локомотиві – агроөнеркәсіп кешені. Шаруашылықтарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаржылық қолдау ашылды. «Кең Дала–2» бағдарламасы бойынша 7,1 млрд теңгеге жеңілдетілген несие берілді, ал 9 415 тонна дизель отыны литрі – 254 теңгеден ауыл диқаншыларына жол тартты», – деп атап өтті Ербол Жүсіпбеков,
Аудандағы экономикалық көрсеткіштер 5 айда өз нәтижиесін беруде. Бюджет кірістері 124% орындалып, 531 млн теңге түскен. Өңдеу өнеркәсібі 1,6 млрд теңгенің өнімі мен қызметін ұсынды, ал бөлшек сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға өсіп, 829 млн теңгеге жеткен.
Сондай ақ, Жарқайыңда 13 ірі жоба бастау алған. Оның ішінде сүт фермалары, астық қоймалары, тұрғын үй кешендері бар. Жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын бұл бастамалар 100 жаңа жұмыс орнын ашып, әлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін береді деп күтілуде.
«Жарқайың біздің тамыры терең, жері құнарлы аудан. Біздің міндет осы байлықты дұрыс және тиімді пайдалануды жалғастыру, ауылдың әр тұрғынына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету», дейді спикер.
Осылайша Жарқайың ауданы өзінің экономикалық әлеуетін толық ашып, Ақмола облысының дамуына үлес қосқан көшбасшы орталыққа айналуда. Алдағы жылдарда ауданның асқақ арманға жетелейтін мүмкіндіктері одан әрі кеңейе түспек.