ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУ «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы тәртібінде.

ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУ
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 32-бабы тәртібінде

ҚҰРМЕТТІ АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Әлеуметтік желілерде экстремистік ұйымның идеяларын қолдайтын жекелеген тұлғалар облыс аумағында заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырулар таратуда.
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі — Заң) айқындалған.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес осы Заң талаптарын бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттер өткізуге тыйым салынады.
Бейбіт жиналысты өткізу үшін жергілікті атқарушы органға тиісті хабарлама немесе келісім алу туралы өтініш беру талап етіледі.
Заңның 5-бабы 2-тармағының 3, 5-тармақшаларына және 6-бабы 2-тармағының 2, 7-тармақшаларына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен қатысушы жергілікті атқарушы орган өкілінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
Жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарды тоқтатуға міндетті.
Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін өзге де жария іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Бұдан басқа, заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шара ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiрсе, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 400-бабымен жауаптылыққа тартылады.
Сондай-ақ, ұлттық араздық пен алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер Қылмыстық кодекстің 174-бабында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Осыған байланысты, аудан тұрғындарын заңдылықты бұзуға жол бермеуге және жоғарыда келтірілген заңнама талаптарын бұзбауға және заңсыз шеруді (митинг, демонстрация, жиналыс және т.б.) ұйымдастырудан және оған қатысудан тартынуға шақырамын.
Құқық қорғау органдары кез келген заң бұзушылықтардың жолын кеседі және қылмыстық қудалауға дейін Заңда көзделген шараларды дереу қабылдайды.

Атбасар ауданының прокуратурасы

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также