WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу»

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және
қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp»
мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес
(https://infobezopasnost.ru/blog/news/kiberataka-ghostpairing-pozvolyaet-moshennikampoluchit-polnyj-dostup-k-whatsapp-bez-vzloma-parolya/,
https://www.securitylab.ru/news/567291.php, https://securitymedia.org/news/list/atakaghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html) кибералаяқтар
«WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын
қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды,
SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды
қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша
құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp»
атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp»
интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі
мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде
жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»-
қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар
тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон
әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
«WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы —
«Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген
белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
— белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі
хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
— «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер,
қосымшадан тыс жерде кодты сұрату — әрқашан алаяқтық;
— екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
— аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп
отырыңыздар;
— қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Бір қатенің құны — Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.

Қылмыстық қауіп-
қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также