Тәуелсіздігіне 30 жыл Тәуелсіздік-ел тұғыры

Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

Желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!

Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді.

2021 жыл желтоқсан айының 14-і күні «Қарлығаш» бөбекжайының «Қоңырау» ересектер тобында тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-ел тұғыры» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Топ балалары тәрбиешісі Баймағамбетова К.О. көмегімен дайындаған шағын қойылымдарын көрсетті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұранын айтудан басталды. Шара барысында балалар тәуелсіздік туралы тақпақтар айтып, әндер орындап, флешмоп биледі. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойналды. Балалар екі топқа бөлініп, «Арқан тарту» ойынын ойнады. Ойын қорытындысы бойынша, әрине «достық» жеңді. Осы іс-шараны өткізуге ат салысқан бөбекжай музыкалық жетекшісі Акатова Айгуль Алтынбековнаға алғысымыз шексіз.

«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәй-тәйлаған баладай басқан адымдарын санап, 4-5 жасында өз-өзіне қарап, 10-15 жасында пайдаға ісі жарап, 20-25 жасында өсіп-өніп, аты әлемге тарап, етек-жеңін жинап, бар әлемді мойындатып, Тәуелсіздіктің бесігінде 30 жыл тербелген қазақ елі, 30 жылдық тәуелсіздігің құтты болсын!

 

 

«Қарлығаш» бөбекжайының

«Қоңырау» тобы ата-аналары.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также