Жеңіс күніне орай тыл ардагерлеріне де бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі
Жүз жастан асқан Нина Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлына былтыр пәтер кілті табысталған болатын. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды. Жеңіс күніне орай 1560 тыл ардагеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп, қаражат олардың жеке есепшоттарына автоматты түрде аударылады.
Ауған соғысына қатысушыларға да материалдық қолдау қарастырылған. Оларға берілетін жәрдемақы көлемі 45 айлық есептік көрсеткіштен 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Әлеуметтік көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы азаматтарға көрсетіледі.
«Мәслихаттың шешіміне сәйкес біршама өзгеріс болды. Ауған соғысының ардагерлеріне жыл сайын берілетін әлеуметтік көмек 45 АЕК-тен 50 АЕК-ке және 80 жылдыққа орай соғыс ардагерлеріне 542 АЕК-тен 1272 АЕК-ке көтерілді», — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының бас маманы Ұлдана Бекбау.