Шаңғыдан Шығыс Еуропа Кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр

Осы жылғы 20-24 желтоқсан аралығында Щучинск қаласында орналасқан Щучинск қаласындағы шаңғы базасында Шығыс Еуропа Кубогының екінші кезеңі өтуде. Турнирге Қазақстан мен Ираннан 190 спортшы қатысып, түрлі сында өз шеберліктерін көрсетуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

 

Сайыстың алғашқы күнінде, 21 желтоқсанда, классикалық стильде спринттік жарыстар өткізілді. Ерлер арасында жеңімпаз болып Ақмола облысынан Константин Борцов атанды. Екінші орынға Абай облысының өкілі Ернар Нурсбеков ие болды, ал үшінші орынды тағы бір Абай облысының спортшысы Дидар Касенов жеңіп алды.

 

Әйелдер арасында топ жарған Ақмола облысының өкілі Надежда Степашкина болды. Екінші орын Павлодар облысының атынан қатысқан Дарья Ряжкода, ал үшінші орынды Астана қаласының өкілі Мария Геращенко жеңіп алды.

 

22 желтоқсанда классикалық стильдегі масс-старт жарыстары өтті. Ерлер арасында Қостанай облысының спортшылары айқын жеңіске жетті. Бірінші орынды Владислав Ковалевке иеленді. Екінші орын Виталий Пухкалға, ал үшінші орын Наиль Башмаковқа бұйырды.

 

Әйелдер арасында жеңімпаз атанған Ксения Шалыгина болды. Оның командадасы Надежда Степашкина екінші орын алды, ал үшінші орынды Алматы қаласының өкілі Ангелина Шурыга жеңіп алды.

 

24 желтоқсанда турнирдің соңғы кезеңі – жеке жарыс (еркін стиль) өтеді.

Бұл сайыстар тек шаңғышылардың спорттық шеберлігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ қысқы спорт түрлері бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға да үлес қосуда.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также