Сайлау-2022: Қарақат Әбден дауыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында үміткер Қарақат Әбден дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қ. Әбден елордадағы 38-ші көше бойындағы №135 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында үміткер сайлау учаскесіне сағат 8:20-да келді. Кандидаттың жанында әкесі және анасы бірге болды.