Декларацияда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді. Бұдан басқа, онда Қазақстанның нақты егемендігінің барлық атрибуттары: өз аумағы мен азаматтығы, мемлекеттік биліктің дербестігі мен толықтығы, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік, мемлекеттік егемендіктің нышандары – Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ өзінің ұлттық валютасы бекітілді. Сондай-ақ, құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттарды өз бетінше анықтау принципі жарияланды. Шын мәнінде, Декларация – бұл біздің еліміздің жаңа тарихындағы Қазақстанды дербес егемен мемлекет ретінде айқындаған алғашқы нормативтік құқықтық құжат. Республика күні-бұл, ең алдымен, Қазақстанның барлық азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін жаңа форматтағы өмірдің символы.
Атбасар ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Камшат Қадылқызы.