Референдумға қатысудың маңызы зор

Мәжіліс депутаты Александр Милютин және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, облыстың ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Щучинск қаласы жасағының қызметкерлеріне Конституцияға ұсынылған өзгерістерді түсіндірді. Кездесуге азаматтық қорғау органдарының 100-ден астам қызметкері қатысып, болашақ референдум туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.
«Болашақ референдум барлық қазақстандық үшін өте маңызды оқиға, өйткені референдум арқылы Конституцияға 1995 жылдан бастап өзгерістер енгізілген жоқ. Біздің республикамыздың әрбір азаматы, азаматтық қорғау органдарының қызметкері осы маңызды саяси оқиғаға қатысуға және өз ұстанымын білдіруге құқылы», деп атап өтті Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин.
ТЖМ өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы егжей-тегжей айтып берді. «Бұл түзетулер жалпы алғанда президенттік реформалар мен Жаңа Қазақстан рухына сәйкес келетін Конституция баптарының үштен бір бөлігін қамтиды. Конституциялық өзгерістер мемлекеттің толыққанды дамуы, сондай-ақ жаңа ұрпақтың мүддесін көрсету үшін керек», деп атап өтті А.Милютин.
Кездесу соңында Мәжіліс депутаты мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларды осы жылдың 5 маусымында өтетін бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

https://egemen.kz/article/313950-referendumgha-qatysudynh-manhyzy-zor

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также