ҚР Энергетика министрлігінің басшысы көкшетаулық студенттермен бейбіт атом энергетикасын дамытудың келешегі мәселесін талқылады

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жастармен кездесу өткізді. Кездесуге А. Мырзахметов атындағы университеттердің, М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының және Гуманитарлық-техникалық академияның студенттері қатысты.

Талқылау тақырыбы «Бейбіт атом» болды.

Кездесу барысында министр атом энергетикасының Қазақстан үшін маңыздылығына тоқталып, оның еліміздің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті.

Министр бүгінде елімізде электр энергиясын өндірудің негізгі үлесін жалпы өнімнің 66% қамтамасыз ететін көмір зауыттары құрайтынын, жаңартылатын энергия өндіруүлесі шамамен 6%-ға жеткенін айтты.

2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд. кВт/сағ құрайды. Бұл ретте қазіргіуақытта жұмыс істеп тұрған энергия көздерінөндіру бірқатар объективті себептерге байланысты төмендейді және 135 млрд. кВт/сағ-тан азды құрайды. Осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаты 26,5 ГВт болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету қажет.

Жасыратыны жоқ, қазір бүкіл әлем көміртегі бейтараптығына бет бұрады. Сондықтан халықаралық қаржы институттары көмір электрстанцияларының құрылысына инвестиция салудан бас тартып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан еліміздегі газ ресурстарының шектеулі болуына байланысты газ генерациясын ауқымды енгізуді іске асыра алмайды.

Өз кезегінде, жаңартылатын энергия көздері олардың жұмысын болжау мүмкін емес ететін табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігіне байланысты электр энергиясын өндірудің сенімді базалық көзі бола алмайды.

Сондықтан да АЭС құрылысы тоқтап тұрған қуаттарды алмастырудың және Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір дұрыс шешімі болып көрінеді.

 

Энергетика министрлігінің басшысы студенттерге ядролық реакторларды пайдаланудың әлемдік тәжірибесі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи шаралары және т.б. туралы айтып берді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также