Панахов референдум жайлы: Тіпті болмашы да заң бұзушылық орын алған жоқ
Әзербайжан өкілі Қазақстан сайлау құқығы толық іске асырылып жатқан елдің жақсы үлгісі бола алатынын айтты
Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов елордада АЭС бойынша референдумға орай пікір білдірді.
- «Әзербайжаннан референдумды байқауға 13 адам, оның ішінде Парламенттен — 6, Орталық сайлау комиссиясынан 7 адам келдік. Қазақстанда орналасқан дипломатиялық миссиядан тағы үш адам бар. Сағат 15:00-ге дейін 45 учаскеде дауыс беру барысын байқап үлгердік», — деді ол Орталық референдум комиссиясында өткен брифингте.
Әзербайжан өкілі Қазақстан сайлау құқығы толық іске асырылып жатқан елдің жақсы үлгісі бола алатынын айтты. Әр учаскеде кем дегенде 10 бақылаушы кезекшілікте болды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
🌐Подробнее: aes2024.kz