Облыс әкімі тыл еңбеккері Майра Әбілпейісованы ғасырлық мерейтойымен құттықтады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауда тұратын тыл еңбеккері Майра Әбілпейісованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын, зор денсаулық пен амандық тілеймін. Сіздің еңбекқорлығыңыз, патриотизміңіз жас ұрпақ үшін нағыз үлгі», — деді М.Ахметжанов.

«Тек бейбітшілік пен амандық тілеймін. Соғыстың қиын жылдары болды, балаларды көтердік, көп жұмыс істедік. Қазір оқу үшін де, жұмыс үшін де көптеген мүмкіндіктер бар. Ел өркендесін», — деді Майра Баубекқызы. Майра апай жұбайы Тұрлыбек Әбілпейісовпен бірге 9 бала тәрбиелеп өсірді. Оның 26 немересі, 45 шөбересі және 8 шөпшегі бар. Жұбайы Тұрлыбек Әбілпейісов Социалистік Еңбек болды, Қазақ КСР-нің Алтын Құрмет Кітабына енгізілді.

Майра Әбілпейісова «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55, 60, 65, 70 жылдығы мерейтойлық медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, 2010 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» алқасымен наградталды.

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также