Межэтникалық келісімнің экономикалық қыры
Тұрақты қоғамдық ортасыз экономикалық даму мүмкін емес. Межэтникалық келісім бизнес саласында сенімді қалыптастырып, инвестициялар тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді. Көпұлтты ортада жұмыс істейтін компаниялар кең ауқымды кадрлық әлеуетке және мәдениеттер тоғысында пайда болатын креативті идеяларға қол жеткізеді. Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, этносаралық ынтымақтастық деңгейі жоғары өңірлер инвесторлар мен туристерді көбірек тартады. Осылайша, үйлесімді этносаралық қатынастар елдің экономикалық ахуалына тікелей әсер етеді.
Атбасар Ауданының маслихат депутаты
Р.Досмуханов.