Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Ерейментау ауданының фермерлік қожалықтарынан жер учаскесіне жалдау шартын ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар туралы бірнеше өтініш келіп түсті.
Осылайша, жер заңнамасына сәйкес жер пайдаланушы жер қатынастары саласындағы уәкілетті органды жалдау шартын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде ұзарту ниеті туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Нәтижесінде жергілікті атқарушы орган жаңа мерзімге шарт жасасу ниеті туралы әкімдікке алдын ала хабарламаған өз міндеттерін тиісті атқарған жер пайдаланушыларға жер учаскелеріне жалдау шарттарын ұзартудан бас тартуға мәжбүр болды.
Сонымен қатар, жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер басқа адамдар алдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқығы болады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз ететіндігі көзделген.
Осыған байланысты кәсіпкерлердің мәселелерін және уәкілетті органдардың жерді ұтымды пайдалану және жалдау ақысын төлеу жөніндегі шарттық міндеттемелерін адал орындаған өтініш берушілермен жер учаскелеріне жалға беруді ұзарту мүмкіндігі туралы түсіндірмелерін зерделей отырып, Департамент Ерейментау ауданының әкімдігіне тиісті ұсынымдар мен нұсқаулар енгізді.
Нәтижесінде, жергілікті атқарушы орган азаматтардың жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініштерін қарау тәжірибесін қайта қарады, бұл 1000-ға жуық мал басы бар 3 фермерлік шаруашылықты сақтауға мүмкіндік берді, олармен жалпы ауданы 4000 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау шарттарын жасасты.