Мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды

Олжас Бектенов, государственный служащий, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 08:42 Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады.

Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды:

Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен,

Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы,

Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Биылғы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін, Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінді.

Комиссия жұмысы жалғасуда.

https://kaz.zakon.kz/kogam-tynysy/6052022-memleket-krsne-osymsha-525-mlrd-tege-audaryldy.html

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также