Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмеккөрсеткен азаматтар мемлекеттікнаградалармен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтауда әуе апатыкезінде көмек қолын созған азаматтармемлекеттік наградаларға ие болды.
Президент «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен азаматтарды құтқарып, көмек көрсеткен азаматтардың жанқиярлық әрекеттерін айырықша атап өтті.
«Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының жұмысшылары бірден көмекке келді. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға атсалысты. Азаматтарымыздың жанқиярлығы арқасында барынша көбірек адамның өмірін сақтап қалдық. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқының апаттан зардап шеккендерге жанашырлығы мен тілеулестігі азаматтарымыздың жаппай қан тапсыруға асыққанынан да айқын байқалды»,- деді Мемлекет басшысы.
Бүгін, 5 қаңтар күні Маңғыстау облысыныңәкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзірбайжандықAzerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырағанкезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматтарды мемлекеттікнаградалармен марапаттап, ПрезиденттіңАлғыс хатын табыстады.
Салтанатты шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен «ҚР Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ маманы-криминалисі Айбек Әлібаевмарапатталды.
Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Олжас Байтөре,Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімі алыс радиомаркерлік пунктінің бөлімше бастығы Ботағарин Нұрлан, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Басқұдық ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Серіболат Оңғар, Маңғыстауоблысы төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарықызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндірубөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысыМәрлен Сәркенов марапатталды.
«Құрмет» ордені «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергинаға, «Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК орталығының меңгерушісі Бақытжан Қойбековке табысталды.
«Ерлігі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары Қожабек Аллабергенов,Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» РММ құтқарушысы Манас Бағытов, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екіншіпилоты Естемес Әлішер, «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері Қисаев Тимур, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесініңкомандирі Құдабаев Асхат, «Апаттармедицинасы орталығы» ММ Маңғыстауоблысы бойынша филиалының фельдшеріҚұбайдуллаев Заманбек, «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оразбеков Оспан, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы «Вышка» диспетчерлік пунктінің диспетчері Толстиков Ярослав, «Маңғыстау өңірлік электр-тораптық компаниясы» АҚ Ақтау электр желілер ауданының шебері Шопанов Нұралы марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының психологы Есен Жан, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ қызмет бастығының орынбасары Жұмағұлов Бекболат, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Оразалиев Эльдар марапатталды. Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы табысталды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қиын сәттежедел көмекке келіп, жәрдемдескен жандарғаалғысын білдірді.
— Сын сағатта жедел әрекет етіп, өзгелердіңөмірін құтқаруда асқан батылдық пен адамгершілік таныттыңыздар. Сіздердіңеңбектеріңіз бен ерліктеріңіз – өңіріміздіңауызбіршілігінің, азаматтық жауапкершіліктіңжарқын үлгісі.