Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 74-бап

74-бап бұған дейін Конституциялық кеңестің қаулысымен екі рет өзгертіліп, бір рет түсіндірме берілген болатын.

Конституциялық Кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайтын болады – деп жазды Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің «Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар» атты мақаласында.

5 маусым күнгі бүкілхалықтық референдум негізінде үшінші рет өзгеріске түсіп тұрған бұл бап – еліміздің Конституциялық сотының міндеттері мен құқығын, құзыреті мен тәртібін белгілейді.

Осы жолғы өзгертуде 74-баптың екінші тармағы айтарлықтай айқындалғанын көруге болады. Мысалы бұған дейін Конституциялық заңға жатпайтын, адам құқықтары мен бостандығына зиян келтіретін заңдарды жою мерзімі көрсетілмеген болатын. Референдумға ұсынылған Ата заң жобасында бұл мәселе анық көрсетілген. Яғни, бұдан былай адамның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдарды жою туралы Конституциялық сот шешім шығарған күннен бастап ол заң қолданыстан алынып тасталады.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

74-бап

Жаңа нұсқада: 74-бапта:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Конституциялық сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.»;

Ескі нұсқада: 74-баптың 2-тармағы

  1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

Жаңа нұсқада: 74-бапта:

2) 3-тармақтағы «Кеңестің» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.

Ескі нұсқада: 74-баптың 3-тармағы

  1. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Ескерту. 74-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді — ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13 N 19/2 қаулысымен, өзгерістер енгізілді — ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап58-бап61-бап62-бап71-бап72-бап73-бап.

 

https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-74-bap_279512/

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также