Кәсіподақтың бастамалары еңбек қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған

 

«Алтынтау Көкшетау» акционерлік қоғамының алғашқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Әнуарбек Әленов еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге арналған кәсіподақ бастамалары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

 

Бұл саладағы мамандардың еңбегін бағалау және ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үздік еңбекті қорғау техникалық инспекторы» байқауы өткізіледі. Байқау өндірістік кешендер мен еншілес кәсіпорындардың барлық техникалық инспекторларын қамтиды және екі кезеңнен тұрады. Алдымен тоқсан сайын үздіктер анықталып, жыл соңында бас жүлде иегері таңдалады. Бірінші кезеңде өнеркәсіптік қауіпсіздік комиссиясы мен кәсіподақ комитеті материалдар мен үміткерлердің баяндамаларын қарастырып, үздік техникалық инспекторды таңдайды. Жылдың үздігі атану үшін үміткер тоқсандық кезеңде кемінде екі рет жеңімпаз болуы тиіс.

 

«Жеңімпаздар тек құрметке ие болып қана қоймай, қаржылай қолдаумен де марапатталады. Тоқсандық кезеңнің үздігіне диплом мен бір айлық орташа жалақы мөлшерінде сыйақы беріледі. Жыл үздігі диплом, төсбелгі және үш айлық орташа жалақы көлемінде сыйақымен марапатталады. Барлық төлемдер өндірістік кешеннің еңбекақы қорынан жүргізіледі», – деді Әнуарбек Әленов.

 

Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының аға техникалық инспекторының ұсынысы бойынша тоқсан сайын еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңесте әртүрлі бөлімшелерден төрт техникалық инспектор қосымша ақшалай сыйақымен марапатталады. Мұндай ынталандыру жүйесі инспекторлардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, өндірістегі қауіпсіздікті күшейтуге және ұжымның еңбекті қорғау саласына белсенді қатысуына ықпал етеді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также