«Көктем-2025»: Ақмола облысы көктемгі су тасқынына дайындығын тексеруде

 

Бүгін Ақмола облысында көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығуы басталды.

Жаттығуға Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері, облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғаныс қызметтері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Жаттығудың басты мақсаты – көктемгі кезеңге тән, су тасқыны, сел және басқа да табиғи апаттарды қоса алғанда, ықтимал қауіптерге жауап берудің практикалық дағдыларын жетілдіру.

 

Биыл оқу-жаттығуды басқарудың облыстық штабты әртүрлі сценарийлерді пысықтау алаңы ретінде таңдалған Атбасар ауданында орналастырылды.

 

Жаттығудың бірінші күні практикалық іс-шараларға бай болды. Құтқарушылар мен басқа да қызметтердің өкілдері әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін пысықтады. Олардың қатарында:

Жедел әрекет ету отрядының тексерісі: арнайы бөлімшелердің дайындығы мен үйлесімді жұмысын тексеру;

Арықтар мен каналдарды тазарту: су басудың алдын алу шараларын практикалық пысықтау;

Халықты хабардар ету және эвакуациялау: халықты қауіп туралы хабардар ету және эвакуациялауды ұйымдастыру механизмдерін жетілдіру;

Суға батып жатқан адамды құтқару: су объектілерінде адамдарды құтқарудың практикалық әрекеттері;

Іздестіру-құтқару жұмыстары: жоғалған адамдарды іздеу алгоритмдерін пысықтау;

Жайық өзенінің бөгетін нығайту: қорғаныс ғимараттарын практикалық нығайту;

Жарылыс жұмыстарын жүргізу (Жайық өзенінде): мұз бөгеттерінің алдын алу және мұзды бұзу дағдыларын жетілдіру.

 

Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.С. Балпанның төрағалығымен Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырыста аудан басшылары мен ТЖД өкілдерінің биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі есептері тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары аймақтық құрылымдар мен аудан, қала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

«Көктем-2025» жаттығуы – Ақмола облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысының маңызды бөлігі. Практикалық дағдыларды үнемі пысықтау төтенше жағдайларға жауап беру тиімділігін арттырып, табиғи апаттардың ықтимал салдарларын азайтып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также