Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын дербес дамыту бағытында қажетті ғылыми және инженерлік ресурстар бар екенін айтты. Осы санатта Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты бар екені мәлімделді.

«Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері халықаралық МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді», — деді Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Елеусіз.

Ауданның орталық стадионында Халықтық штаб өкілдері спортшы жастармен кездесіп, атом электр станциясының ел болашағы үшін маңыздылығын түсіндіріп өтті. АЭС құрылысы Қазақстан экономикасы үшін энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашатыны жария етілді.

https://azattyq-ruhy.kz/news/77990-khalyktyk-shtab-okilderi-keles-audanynda-bilim-salasynyn-kyzmetkerlerimen-zh-ne-sportshylarmen-kezdesti

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также